Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінің «Батысқазжерқойнауы» Кеңесінің отырысы.

Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінің «Батысқазжерқойнауы» Кеңесінің  отырысы.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінің «Батысқазжерқойнауы» Кеңесінің «2024 жылы Балдысай учаскелерінде 3Д сейсмикалық деректерді қайта өңдеу және қайта түсіндіру нәтижелері туралы есепті» 16.02.2023ж. №5174-УВС келісімшарты бойынша қарау жөніндегі отырысы өтті.

Қарастырылып отырған «2024 жылы Балдысай учаскелеріндегі 3Д сейсмикалық деректерін қайта өңдеу және қайта интерпретациялау нәтижелері туралы есеп» Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан Балдысай учаскесінде көмірсутек шикізатын барлауға және өндіруге арналған 2023 жылғы 16 ақпандағы №5174-УВС келісімшарты негізінде және «KG Oil&Gas» ЖШС берген Техникалық ерекшелікке сәйкес «Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС-мен орындалды. Геологиялық бөліністің ауданы 1120,1 шаршы шақырымды, бөлініс тереңдігі – минус 6000 метрге дейінгі белгіні құрайды. Геологиялық бөліністен Темір (ХПВ) кен орны алынып тасталған.

3Д сейсмикалық деректерін өңдеу және интерпретациялау жинақтауға дейінгі тереңдік миграциясы әдістемесі бойынша стандартты графпен орындалды. Жұмыс нәтижелері ықтимал рифтік деп бағаланатын нысанның барын, өлшемдері мен орналасуын нақтылауға мүмкіндік берді.

3Д сейсмобарлау деректерін қайта өңдеу «Spark (PGS)» бағдарламалық жасақтамасын пайдалана отырып, жинақтауға дейінгі уақытша және тереңдік миграциясы әдістемесін қолданумен стандартты граф бойынша жүргізілді. Ол мақсатты горизонттардың қадағалану сапасын жақсартуға, тектоникалық бұзылыстарды бөліп көрсетуге және қадағалауға мүмкіндік беретін әдістер мен процедураларды қамтыды.

Қайта өңдеу нәтижесінде 200 шаршы шақырым көлемінде уақытша және тереңдік аймақтарындағы кубтар алынды.

Орындалған жұмыстардың нәтижесінде Балдысай учаскесінің геологиялық құрылысы нақтыланды. Темір көтерілімінің шығыс бортының шөгінді қимасын құрайтын тау жыныстарының литологиялық-стратиграфиялық сипаттамалары, сейсмофациялық сипаттамалары талданды.

Жұмыс нәтижесінде көмірсутектерді анықтау бойынша перспективалы нысандар бөлінді. Мезозой және палеозой шөгінділерінде бөлінген перспективалы нысандар бойынша мұнай ресурстарын есептеу жүргізілді. С3 санатындағы болжамды геологиялық мұнай ресурстарын бағалау көлемдік әдіспен орындалды. Көмірсутектерді анықтау тәуекелдеріне бағалау жүргізілді.

Есеп авторлары антиклинальді көтерілімнің күмбезді бөлігінде (төменгі триас шөгінділерінің жабыны) тереңдігі 1660 метр болатын АК-1 барлау ұңғымасын бұрғылауды ұсынады.