
Мемлекеттік комиссияның бұрын қазылған ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушылар балансына беру бойынша жұмысы аяқталды. Атап айтқанда:
2025 жылы жер қойнауын пайдаланушылар аумағында бұрын қазылған ұңғымаларды қабылдап-тапсыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы аяқталды. Осы жылға 9 жер қойнауын пайдаланушылардың иелігіне беру бойынша жұмыс жүргізілді: «Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V.» ЖШС (2 ұңғыма), «КазАзот» АҚ Шағырлы-Шомышты филиалы (26 ұңғыма), «Азия Энерджи Лимитед» ЖШС (5 ұңғыма), «Люминор Групп» ЖШС (2 ұңғыма), «Емир-Ойл» ЖШС (2 ұңғыма), «CS Energy» ЖШС (1 ұңғыма), «Евроазия Транс Групп» ЖШС (2 ұңғыма), ЧК «Kazakstan FendYuanXinMao» (34 ұңғыма), «Dunga Operating GmbH» филиалы (32 ұңғыма). 2025 жылы барлығы 106 ұңғыма балансқа берілді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» ӨД басшысы бекіткен «2025 жылға бармай профилактикалық тексерулер тізіміне» сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің талаптарының сақталуы бойынша бармай профилактикалық тексерулер келесі жер қойнауын пайдаланушыларға жүргізілді: «Омар-Дархан» ЖШС, «TasAi Group» ЖШС, «Каспий» ӘКК АҚ, «Тұранқұрылыс қызмет» ЖШС, «STS-Каспий» ЖШС, «Ақ-Достар» ЖШС, «Айтон-Хоп» ЖШС, «Бастау-Болашақ» ЖШС, «КульсарыПромСнаб» ЖШС, «Dostar-Trade» ЖШС, «Снабжение-Опорное» ЖШС, «Маңғыстау су құрылысы» ЖШС, «Шетпе Тас LTD» ЖШС, «Айлекова» ЖК, «Тыйлов» ЖК, «КаспийЭлектроМонтажСервис» ЖШС, «Т.Альянс Ойл» ЖШС, «Самғау Карьер» ЖШС, «Бейбіт-Нұр» ЖШС, «Бимырзаев И.» ЖК, «Бал-ЖАН LTD» ЖШС, «Бейнеу-Сервис» ЖШС, «Жандос-Сервис» ЖШС, «Богдан» ЖК, «Бекбалова» ЖШС, «Asar Group» ЖШС, «Смайлова К.» ДК, «Aral Story Group» ЖШС, «TASM» ЖШС, «Нарембаева А.» ЖК, «Адилет Ақтау» ЖШС, «Достар Company LTD» ЖШС, «Бозашы Инвест Капитал» ЖШС, «Мамаев Б.» ЖК, «Astana-Trans Oil» ЖШС, «A.Skyscraper» ЖШС, «TS-IT.sofi» ЖШС, «Keneitu LTD» ЖШС, «Мұңал-М» ЖШС, «Нысанова К.» ЖК, «LIMIST KZ» ЖШС, «Шақырған Карьер» ЖШС, «Каспий Щебень» ЖШС, «Қызыл Тас-БК» ЖШС, «БейнеуГаз» ЖШС, «Royal Stone Group» ЖШС, «Нұр-Бейнеу» ЖШС, «Тажибаева» ЖК, «ҚазСтройИнвест KZ» ЖШС, «Энергия Трейдинг» ЖШС, «КДЛ Компании» ЖШС, «Үшқұю» ЖШС, «КаспийОйлГаз» ЖШС, «Шеркала-Петролеум» ЖШС, «АРК Петролеум» ЖШС.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бармай жүргізілетін профилактикалық тексерулер тізіміне есептілікті ұсынбаған және ұйымдардың өзекті мекен-жайлары туралы мәліметтері жоқ 10 жер қойнауын пайдаланушы енгізілді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 349-бабы бойынша барлығы 18 хаттама толтырылып, қысқартылған тәртіппен 707 760 теңге толық өндірілді.
Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру кезінде міндеттемелердің орындалуына 9 компания бойынша талдау жүргізілді: «Техногран-Ақтөбе» ЖШС 23.05.2016ж. №4833, «Техногран Ақтөбе» ЖШС 19.06.2015ж. №4624, «SAREKO» ЖШС 22.04.2015ж. №4593, «Eurasia Engineering» ЖШС 17.09.2020ж. №818-EL, «Сапа Services» ЖШС 10.08.2022ж. №1814-EL, «Сапа Services» ЖШС 29.06.2022ж. №1755-EL, «Нұржан Л.Т.» ЖК 18.04.2022ж. №1698-EL, «Нұржан Л.Т.» ЖК 27.05.2022ж. №1730-EL, «НТС-Лидер Қазақстан» ЖШС 12.09.2023ж. №2137-EL.
Инспекция мұрағатына 29 мекеменің бастапқы материалдары қабылданды: «Center Plase» ЖШС, «Forum Development» ЖШС, «Forum ECO» ЖШС, «FG Field» ЖШС, «Ас-Құрылыс» ЖШС, «Астана Транс Ойл» ЖШС, «Айтас-Сервис» ЖШС, «Ақтау-Агро» ЖШС, «Tulekbaeva» ЖШС, «Атыраугидрогеология» ЖШС, «Тұранқұрылыс» ЖШС, «ҚазТранс-4» ЖШС, «Lucend Petroleum» ЖШС, «Бузашы Нефть» ЖШС, «Ас Карьер» ЖШС, «Емир-Ойл» ЖШС, «ҚМГ-Барлау»-2D ЖШС, «ҚМГ-Барлау»-3D ЖШС, «Бейнеу Пласт» ЖШС, «ҚМГ-Барлау» ЖШС, «Исатай» ЖК, «ҚазДрилл Солюшн» ЖШС, «ОСС» ЖШС. Аталған материалдар бойынша бастапқы геофизикалық және геологиялық деректер жүйелендіріліп, актілері «Батысқазжерқойнауы» ӨД-не бекітуге жолданды.
Өтінімдерге сәйкес, 5 мекеменің материалдары мұрағаттан шығарылып, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-на жолданды: «ЧК Kazakstan Feng YuanXin Mao Energi LTD» ЖШС 26.12.2024ж. №70, «Меербуш» ЖШС ALA-KENSARY-Exp-OUT-16/01/2025/41, «Jupiter Energy Pte. LTD» компаниясының филиалы 22.04.2025ж. №099.04.25, «Веритас Каспиан» ЖШС 30.04.2025ж. №01-010.
Бюджеттік бағдарламаның 103 кіші «Минералдық-шикізат базасын, жер қойнауын пайдалануды, жерасты суларын және қауіпті геологиялық процестерді мониторингілеу» бағдарламасының шеңберінде «Маңғыстау облысы аумағында жерасты сулары режимі мен балансының жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеу» объектісіне тоқсан сайын мониторингтік іссапарлар жүзеге асырылды.
Жерасты суларының режимін зерттеу және ластану учаскелерін бақылау үшін 8 постта 187 ұңғымадан тұратын бақылау желісі бар. Мониторинг кестесіне сәйкес, келесі посттарға шығу жүзеге асырылды: Орошение массиві, Басқұдық, Форт-Шевченко, Қаламқас, Қаражанбас, Қызылқұм, Мыс Песчаный, Ақтау (қорғау), Сам Тұрыш, Қызыл Әскер. Барлық посттар бойынша қорытынды жасалды.
Сонымен қатар, «Маңғыстау облысында күшті жер сілкіністерінің ықтимал хабаршылары ретінде жерасты сулары режимінің заңдылықтарын зерттеу» объектісі бойынша «Атыраугидрогеология» ЖШС өкілдерімен бірлесіп іссапар жүргізіліп, «Беке» бақылау сейсмологиялық бекетінің жерасты қондырғыларын шығару жұмыстары атқарылды.
Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 177 келісімшарт аясында ЛКШ-1 есептерін тапсырып, бірыңғай дерекқорға енгізілді.
Жыл бойына қаралған және келісілген жұмыстар: геологиялық-геофизикалық және гидрогеологиялық материалдарды тексеру және қабылдау – 29 акт, сұраныс бойынша бастапқы геологиялық-геофизикалық материалдарды беру – 17, арнайы су пайдалануға рұқсат беру мәселелерін қарау – 12, бюджеттік жұмыстар бойынша қорытындылар – 33, хаттармен жұмыс (прокуратура, мемлекеттік органдар, «Батысқазжерқойнауы» ӨД және т.б.) – 275, ЛКШ-1 есебін қабылдау және базаға енгізу – 177.