Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша семинар өткізу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша семинар өткізу

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.4-тармағын орындау мақсатында 27 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері А.А.Токбасова және Е.Б.Айтмағамбет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақтылы және мерзімінде болуда түсініктемелер берілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер Департаментпен 2024 жылы іске қосылған жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы («minerals.e-qazyna.kz» ЖҚПБП) арқылы көрсетілуде.  Бұл, өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жояды және процесті толығымен ашық етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұйымды қорғау және ықтимал тәуекелдердің алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі бар екені түсіндірілді. Ол, мониторинг жүргізуді, ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, мәдениетті қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды, мүдделер қақтығысын реттеуді және т.б. қамтиды.

Семинар Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне олардың құқықтары мен міндеттерін, атқаратын мемлекеттік лауазымдардағы қолданыстағы шектеулерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл қажеттілігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.