Бюджет жұмыстарын қабылдау

Бюджет жұмыстарын қабылдау

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша бастапқы құжаттарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айының 20 жұлдызында «Батысқазжерқойнауы» ӨД комиссиясы «Жайықгидрогеология» ЖШС-нің 4 тоқсанда келесі объектілер бойынша «1:200 000 масштабта М-38-XVIII, M-38-XXIII, M-38-XXIX, M-38-XXXV парақтарында (Батыс Қазақстан облысы, Ресей Федерациясымен шекаралас, 4619,2 шаршы шақырым) инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық түсірілім» және «1:200 000 масштабта М-39-VIII, M-39-XIII парақтарында (Батыс Қазақстан облысы, Ресей Федерациясымен шекаралас, 3867,6 шаршы шақырым) инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық түсірілім» орындалған жұмыстардың бастапқы құжаттарын қабылдады.

Есепті кезеңде далалық жұмыстар (жер үсті бағыттары, бұрғылау) және тәжірибелік жұмыстар (сүзгіде желондау, айдау, эрлифтпен сынамалық айдау, сынамалық айдау аяқталғаннан кейін деңгейді қалпына келтіру) жүргізілген.

Атқарылған жұмыстар далалық құжаттармен расталды.