
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Төрағасы Ерлан Есенәліұлы Ақбаровтың «Республика күні» мемлекеттік мерекесіне орай геология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі және адал еңбегі үшін «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Мемлекеттік баланс және геологиялық қорлар бөлімінің басшысы Светлана Саматқызы Сейтжанова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапатты Департамент басшысы Амиржан Муратбаевич Оразгалиев табыстады. Басшы алдағы уақыттағы жұмыста табыс, отбасына амандық тіледі.