«Таза Қазақстан» бағдарламасы

«Таза Қазақстан» бағдарламасы

«Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 13 қыркүйек - 15 қараша айлары аралығында Ақтөбе облысының әкімдігі облыс орталығында және аудандарында, облыстың елді мекендерінің аумағында көгалдандыруға, санитарлық тазалауға және абаттандыруға бағытталған сенбіліктер өткізуді тапсырды.

Осыған байланысты, «Батысқазжерқойнауы» Өңіраралық Департаменті қызметкерлері әр сенбі күндері қала көшелерінде және қоғамдық орындарында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара қоршаған ортаны қорғау мен қаланың көркеюіне өз үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылған.

Сенбілік барысында қызметкерлер көшелерді қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптауда. Мұндай іс-шаралар ұжымдағы бірлікті нығайтып, экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама қала тұрғындарына үлгі болып, халықты өз айналасын таза ұстауға шақырады.