Республика күніне орай Маңғыстау өңірлік инспекциясы қызметкерлерімен атқарылған сенбілік жұмыстары

Республика күніне орай Маңғыстау өңірлік инспекциясы қызметкерлерімен атқарылған сенбілік жұмыстары

Республика күніне орай Маңғыстау өңірлік инспекциясының қызметкерлері аумақты абаттандыру және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында сенбілікке шықты. Іс-шара барысында ұжым мекеме ауласын және іргелес аумақтарды қоқыстан тазалап, көгалдарға күтім жасады. Сенбілікке барлық қызметкерлер белсене қатысып, ұйымшылдық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті. Маңғыстау өңірлік инспекциясының өкілдері мұндай шаралар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Біз өз ауламыздан бастап тазалық сақтауды дәстүрге айналдырғымыз келеді. Бұл тек еңбек емес, елге, табиғатқа деген құрметтің белгісі. Маңғыстау өңірлік инспекциясы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.