
«Батысқазжерқойнауы» Өңіраралық Департаменті 24 қазанда Республика күнін атап өтті.
Қазақстанда Республика күні еліміздің басты, ұлттық мерекесі болып табылады. Бұл күн Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңге — 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы декларацияға арналады. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда ресми түрде жарияланған Тәуелсіздікке алғашқы қадам болды.
Мереке Қазақстан халқының бірлігін, тәуелсіз және егемен мемлекет құруды, жаңа жетістіктерге, тұрақтылық пен өркендеуге ұмтылысты бейнелейді.