Мемлекеттік сыйлық - «Еңбек сіңірген геолог» медалін табыстау

Мемлекеттік сыйлық - «Еңбек сіңірген геолог» медалін табыстау

Қыркүйек айының бірінші жексенбісінде жыл сайын Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.

Осы мерекеге орай Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Еңбек сіңірген геолог» медалімен Ақтөбе облысының мұнай-газ саласының өкілдері - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Болат Тоқмырзаұлы Тіленбаев және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнай-газ кен орындарын игеру және геология бөлімінің бастығы Құралбай Жаншайұлы Қонақбаев жоғары мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.

Мемлекеттік сыйлықтарды «Батысқазжерқойнауы» ӨД басшысы Амиржан Муратбаевич Оразгалиев табыс етті.

Департамент басшысы марапаттанушыларға мықты денсаулық және еліміздің геологиялық саласының өркендеуі үшін жұмыста табыс тіледі.