Бұрын бұрғыланған ұңғымаларды табыс ету

Бұрын бұрғыланған ұңғымаларды табыс ету

«Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Ақтөбе өңірлік инспекциясы өз құзыреті шеңберінде 2025 жылдың  қыркүйек айының 2-3 жұлдыздары аралығында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы «Оймауыт» учаскесінің келісімшарттық аумағында орналасқан бұрын бұрғыланған ұңғымаларды «Байтақ Құрылыс» ЖШС балансына беруді жүзеге асырды.

Тексеру нәтижелері бойынша бұрын бұрғыланған ұңғымалардың жағдайы және орналасқан жері анықталды. Жер қойнауын пайдаланушыға ұңғымалар Қабылдау-беру актісімен мониторинг жүргізу үшін табыс етілді.