Атырау өңірлік инспекциясымен 2025 жылдың қаңтар мен тамыз айлары аралығындағы орындалған жұмыстары

Атырау өңірлік инспекциясымен 2025 жылдың қаңтар мен тамыз айлары аралығындағы орындалған жұмыстары

«Батысқазжерқойнауы» ӨД Атырау өңірлік инспекциясы 2025 жылдың 7 айында 8 жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесі бойынша; «Zhuldyz GR» ЖШС (Солтүстік Баклан), «Ембімұнайгаз» АҚ (Тайсойған-1,2), «Сарайшык Petroleum» ЖШС (Забурунье), «Sapatek Munay» ЖШС (Сарайшық), «Jasyl Energy» ЖШС (Қарағай),  «TUMAR PETROL» ЖШС (Жайық), «Нефтеная инженерно-технологическая сервисная компания Чжунман» ЖШС (Прибрежное), «Neogen Energy Development» ЖШС (Шығыс Оңғар) 296 ұңғыманы жер қойнауын пайдаланушының балансына табыстады.

            «Батысқазжерқойнауы» ӨД РММ басшысының бұйрығымен бекітілген «2025 жылға бармай профилактикалық тексерулер тізіміне» сәйкес, 5 жер қойнауын пайдалану субъектісі бойынша бармай профилактикалық бақылау жүргізілді.

            Осы аралықта 4 объекті бойынша арнайы су пайдалану рұқсатына келісім берілді.

            Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 2024 жылға арналған лицензия/келісімшарт талаптары мен жұмыс бағдарламасы бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы 15 жер қойнауын пайдаланушыдан (27 объекті) есептілік қабылданды.