
Ағымдағы жылдың шілде айының 31 жұлдызында «Отчет о выполненных геологоразведочных работах на возвращаемой территории ТОО «Емир-Ойл» в пределах блоков ХХХVI-10-В (частично), С (частично), F (частично), ХХХVI-II-А (частично), В (частично), D (частично), E (частично) в Мангистауской области согласно Контракту №482 от 09.06.2000г.» есепті қарау бойынша «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті Кеңесінің отырысы өтті.
Есепті, Маңғыстау облысы Түпқараған және Мунайлы аудандарында орналасқан «Аксаз-Долинная-Емир» көлемінде көмірсутегін зерттеудеге арналған 09.06.2000ж. №482 келісім шартына құқығы бар «Емир-Ойл» ЖШС Техникалық тапсырмасы негізінде «КазНИГРИ» ЖШС құрастырған.
2020 жылы Құзыретті орган берген Геологиялық бөлудің көлемі (Алатюбе және Карагие Северное кен орындарын алып тастау және Аксаз, Долинное, Кариман, Емир, Северный Кариман және Есен кен орындарының кен бөліктері) 791,01 кв.км., бөлу тереңдігі – палеозойға дейін.
2003-2023 жылдар аралығында «Аксаз-Долинная-Емир» көлемінде МОГТ 3Д орындалған сейсмобарлау жұмыстары негізінде ашылған және игеріліп отырған үш кен орны (Кариман, Северный Кариман, Есен) бар. Долинное, Аксаз және Емир алдында ашылған кен орындарына қайта барлау жүргізіліп, олар пайдалануға қосылды.
2011-2020 жылдар аралығында Аксаз, Долинное, Кариман, Емир, Есен және Северный Кариман кен орындарына көмірсутегін пайдалануа келісім шартарына қол қойылып, тау-кен бөлігі алынды.
Қайтарылып отырған келісім шарт территорияларында 12 ұңғыма орналасқан. Біреуі іздестіру-барлау ұңғымасы, төртеуі - Айдай 1 (2014г.), Долинное 8 (2016г.), Емир 5 (2014г.), Кариман 15 (2019г.) барлау және бағалау ұңғымалары және Борлы 2 (1994г) ұңғымасында (Б2БС1- 2012ж.) бүйірлік оқпан ұңғымасы бұрғыланған. Барлық ұңғмаларда стандартты арнайы сараптамасы, ГИС–тің толықтай жұмыстары жүргізілген.
Қайтарылып отырған ауданда тарихи 7 ұңғыма (Бегеш-1,2,4,6, Борлы-2, Алатюбе-11, Сев. Карагие-7) орналасқан. Қайтарылып отырған ауданда 12 ұңғыма , оның ішінде 5 ұңғыма «Емир-Ойл» ЖШС-мен бұрғыланған, ал 7 тарихи ұңғымалар. Консервациялауға жататын Кариман-15 және Кариман-16 ұңғымаларын қоспағанда, ұңғымалар цемент көпірі мен репер орнатумен жойылды.
Қайтарылатын аумақта мұнай мен газ қорларын есептеу жүргізілмеген, аумақ көмірсутек шикізатына перспективалы болып саналады.
2025 жылы ведомствоаралық комиссия келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөлігін қарап, тексеру нәтижелері бойынша 27.12.2024ж. №9-УВС жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісін жасады.
Барлау кезеңіне жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының барлық көлемі (2000-2023жж.) толық көлемде орындалды.