2025 жылғы 8 шілдеде «Батысқазжерқойнауы» ӨД Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қызметкерімен Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтауға қатысты дәріс-семинар өткізілді.
Дәрісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де мас күйде болуының алдын алу, ойын мекемелеріне барудан бас тарту жөніндегі Әдеп кодексінің 10-тармағын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелері баяндалды.