ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» ӨД РММ Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер тізілімінде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»;
- «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру»;
- «Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу».
Мемлекеттік қызметтер ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы №117 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидалары» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы №285 «Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ақпараттандыру объектісі «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (minerals.e-qazyna.kz.).