Департаменттің 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат

Департаменттің 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат

«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және ҚР аумағының геологиялық зерделенуін арттыру» 089 Республикалық бағдарламаның  103 «Минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың, жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мониторингі» кіші бағдарламасы  шеңберінде 30.06.2025ж. жағдай бойынша Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумағындағы жер асты суларының режимі мен теңгерімін, жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеудің төрт объектісі және Атырау және Маңғыстау облыстарындағы күшті жер сілкіністерінің ықтимал алғышарттары ретінде жер асты сулары режимінің заңдылықтарын зерделеудің екі объектісі бойынша жұмыстар аяқталуда. Жұмыстар 2 жылдық бақылау цикліне есептелген болатын.  Қазіргі таңда, Ақтөбе қ. «Батысқазжерқойнауы» ӨД жанындағы өңірлік геологиялық қорға және Астана қаласындағы «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ аумақтық геологиялық қорларына есептерді тапсыру рәсімі жүріп жатыр.

         102 кіші бағдарламаның ауыспалы 6 объектісі бойынша 2025 жылдың 2 тоқсаны бойынша далалық құжаттарды қабылдап алу жұмыстары  жүргізілінді.

                Департаменттің мемлекеттік баланс және геологиялық қорлар бөлімімен  2024 жылға арналған пайдалы қазбалар қорларының жыл сайынғы есебі жасақталып, есеп ағымдағы жылдың шілде айында Геология комитетіне табысталынады.

         Департаменттің өңірлік инспекцияларымен бекітілген кестеге сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу бойынша жұмыстар атқару үстінде және ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушының балансына табыс ету жұмыстарын жүргізуде.