2025 жылдың 11-16 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері арасында Республикалық спартакиада өткізді.
Спартакиадаға 16 облыстан және 3 мегаполистен 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыстар 9 спорт түрінен өткізілді.
Спартакиадаға «Батысқазжерқойнауы» ӨД Ақтөбе өңірлік инспекциясының бас маманы Серик Дуйсенгалиев қатысып, 50 метрге жүзуден 1-ші орын алды.
Департамент жас маманды жеңісімен құттықтап, зор денсаулық және алдағы уақытта жұмыс пен спортта табыс тілейді.