Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнының (ЖОО) бірі Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде 2025 жылдың 4 маусымында «YU Career Fest» бос орындар жәрмеңкесі аясында кездесу өткізілді.

Бұл шараға әртүрлі салалар бойынша қызмет атқаратын мекемелермен қатар «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Маңғыстау өңірлік инспекция басшысы А.С.Келбет қатысты. Іс-шараға келген қонақтар қатарында кадр бөлімінің жетекшілері, департамент басшылары, HR мамандары, сондай-ақ компаниялардың атқарушы директорлары мен олардың орынбасарлары да болды. Мамандар өз ұйымдарының қызметі, ашық жұмыс орындары, тағылымдамалық бағдарламалар мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріп, қатысушылармен тікелей кездесулер өткізді. Жәрмеңке форматы жұмыс берушілер мен жас мамандар арасындағы тиімді байланыстар орнатуға, студенттерге нақты еңбек нарығы туралы түсінік қалыптастырауға және алдағы мансап жолын жоспарлауға мүмкіндік береді.

         Кездесу студенттер үшін баға жетпес тәжірбие болды. Олар тікелей жұмыс берушілермен сөйлесіп, сұрақтарына нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, өз түйіндемелерін табыстады.

Өткізілген жәрмеңке жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікке жол ашып, кәсіби байланыстар орнатуға септігін тигізді.