ҚР Президенті жариялаған 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Батыс Қазақстан өңірлік инспекциясы Орал қаласының №17 орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушыларына «Жайықгидрогеология» ЖШС-нің гидрогеологиялық партиясы өндірістік базасына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсияда оқушылар өндірістік базамен және жалпы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Оқушылардың назарына су ұңғымаларын бұрғылау, ұңғымаларды айдау кезінде және т.б. жұмыс барысында пайдаланылатын техника мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, оқушылар ЖШС-нің мұражайына барып, гидрогеологиялық саладағы жұмыс процестеріне қатысты сұрақтарына жауап алды. Экскурсия қызықты өтті.