Атырау қаласындағы оқушыларға экскурсия

Атырау қаласындағы оқушыларға экскурсия

Қазақстан Республикасы Президентіжариялаған«Жұмысшымамандықтаржылын» өткізу аясында «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Атырауөңірлікинспекциясы Қ.Сұмағұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сыныпоқушыларының қатысуымен «Атыраугидрогеология»ЖШС-нің өндірістікаумағына экскурсияұйымдастырды.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары аталған кәсіпорынның жұмысымен, өндірістік процесте қолданылатын техникалық жабдықтармен, оның ішінде бұрғылау машинасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, оқушылар мекеменің жер асты және жер үсті суларына толық талдау жүргізетін зертханасында болып, ондағы жүргізілетін жұмыс барысымен де танысты.

Мектеп оқушылары мекеме мамандарының жұмыс тәжірибелері туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, оқушылар бүгінгі күні айтылған салада қандайжұмысмамандықтарысұранысқа ие, жұмысшылардыңеңбекжағдайлары қандай және басқа да, жұмыспроцестерінеқатысты өздерін қызықтыратынсұрақтарына жауап алды.

Экскурсия жоғарғы сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарымен танысуға және болашақта мамандық таңдауға көп септігін тигізді.