Оқушыларға арналған экскурсия

Оқушыларға арналған экскурсия

Ағымдағы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау шеңберінде, «Батысқазжерқойнауы» ӨД 20 мамырда Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе Ғылыми-Зерттеу Геологиялық Барлау Мұнай Институтына («АктюбНИГРИ») экскурсия ұйымдастырды.

        Институт қызметкерлері оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатырған жұмыстарымен таныстырды. Оқушыларды институттың зертхана корпусымен да таныстырып, ол жерде кен орындарынан алынған тау жыныстары жан-жақты минералогиялық, петрографиялық спектралдық зертханалық-аналитикалық зерттеулерге жататыны туралы қысқаша түсініктемелер берді, геологиялық барлау тақырыбы бойынша дәрістер оқыды.

        Экскурсия қызықты және мазмұнды болды. Оқушыларға ұнап, көңілдерінен шықты.

        Бұл экскурсия еліміздің геология саласын дамыту үшін геолог мамандығын таңдау кезінде оқушыларға оң әсерін береді деген үміттеміз.