Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде ұжыммен өткізілген жиналыста Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Амринов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі бұйрығымен енгізілген, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелеріндегі өзгерістер туралы хабардар етті.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларында жаңа редакциясында уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

- кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

- бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және мінез-құлқына қоғам тарапынан негізделген аудио, видео немесе өзге де материалдармен расталған теріс жарияланымдардың болуы;

- мемлекеттік қызметшінің өткен (соңғы) тоқсандағы қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы;

- қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы;

- заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істің болуы;

- кандидатта алынбаған тәртіптік жазаның немесе кандидатқа қатысты тоқтатылмаған тәртіптік істің болуы;

- Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 16-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкес келмеуі.

Бұйрық 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап күшіне енеді.