11 сәуірде Көкшетау қаласында «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы академик Қ.Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шарада Қаныш Имантайұлының өміріндегі негізгі кезеңдер, ғалымның және жалпы елдің жетістіктері атап өтілді.
Сол күні Достық үйі ғимаратының қабырғасында Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Өмір өнеге» ғылыми конференциясы өтті. Іс-шара Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен еңбек ардагері, Сәтпаев танушы Мейрамбек Қиықұлы Қиықовтың бастамасымен өткізілді. Конференция жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары, тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдері қатысты. «Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі геологиялық саланың жай-күйі туралы» тақырыбында «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясының басшысы Досхан Амринов баяндама жасады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды.