А. ж. 28 наурызында департамент басшысының орынбасары А.Г. Галымжанованың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті

А. ж. 28 наурызында департамент басшысының орынбасары    А.Г. Галымжанованың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті
А. ж. 28 наурызында департамент басшысының орынбасары
А.Г. Галымжанованың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті, онда Әдеп жөніндегі уәкіл Д.К. Амринов қатысушыларға «лудомания» ұғымы түсіндірілді. Патологиялық құмар ойындар – немесе лудомания-психологиялық ауытқу ретінде танылады. Құмар ойындарға тәуелді болу ықтималдығы жоғары (алкоголизммен немесе нашақорлықпен салыстырғанда ықтималдығы жоғары), лудоманияның қауіптілігі, құмарлық пен тәуелділік арасындағы шегі, тәуелділікке ықпал ететін факторлар, құбылыспен күресу әдістері, лудоманиямен күресу бойынша қабылданған шаралар, құмар ойындарға тәуелді адамдар саны бойынша статистика туралы айтылады.
Азаматтың мемлекеттік қызметке кіру кезінде өзіне алатын міндеттемелерін ескере отырып, ӨД қызметкерлеріне букмекерлік кеңселердің, құмар ойындардың, казинолардың сайттарына нақты және виртуалды кіруден, тиісті мобильді қосымшаларды пайдаланудан және т.б. бас тартуға кеңес беріледі. Құмар ойындарға деген құштарлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жүзеге асыру қаупін жанама түрде арттыруы мүмкін.