А. ж. 28 наурызында департамент басшысы С. А. Жакуповтың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті

А. ж. 28 наурызында департамент басшысы С. А. Жакуповтың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті
А. ж. 28 наурызында департамент басшысы С. А. Жакуповтың төрағалығымен «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті, онда қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын» сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштерді, ұсыныстарды, үн қосуларды, хабарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыруға бақылауды ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді.
Баяндамашы А.Т. Кенжебаева жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, атап айтқанда «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу кезінде қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілердің мүлтіксіз сақталуына қатысушылардың назарын аударды.
Түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде, атап айтқанда департаменттің жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін жүргізу тапсырылды. Заңнамадағы немесе «e-Otinish» жүйесінің жұмысындағы өзгерістер болған жағдайда Департамент ұжымын кеңестерде хабардар етсін.