Геолог күніне арналған салтанатты іс-шара

Геолог күніне арналған салтанатты іс-шара

Бүгін Көкшетау қаласында «Геолог күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мемлекет басшысының 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес, бұл мереке сәуір айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы Ыдырысов кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл салтанатты іс - шараға шақырылғандардың қатарында: геология ардагерлері, геологиялық барлау компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері болды.

Қазақстан Республикасының геологиялық саласын және минералды-шикізат базасын дамытуға қосқан үлесі үшін: «Жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Жер қойнауын барлаудың үздігі», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары, Министрліктің, Ақмола облысының әкімінің, Геология комитетінің Алғыс хаттары және марапаттарына ие болды.

Салтанатты іс - шара мерекелік концертпен аяқталды.

Мерекелік іс-шараға қатысушылар, геологтар қоғамның игілігіне, одан әрі жұмыс істеуге бүгінгі күн септігін тигізіп, оларға қуаныш пен көңіл-күйді көтеріп, көптеген жағымды әсерлер қалдырды.