Бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі-жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігі.

Бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі-жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігі.

«Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті мемлекеттік бақылау шеңберінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асырады Бұл тетік Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға және әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбай оларды уақтылы жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Профилактикалық бақылау жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын геологиялық есептерді, өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді, нормаланатын ысыраптар туралы деректерді, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі. Бұл ретте бақылау жүргізу лауазымды тұлғалардың объектіге баруын көздемейді, бұл жер қойнауын пайдаланушыларға әкімшілік жүктемені азайтуға және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – заңнама талаптарының бұзылуын уақтылы анықтау мен алдын алу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларға анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жою мүмкіндігін беру. Мұндай тәсіл заңнама талаптарының сақталу деңгейін арттыруға және міндеттемелерді адал орындау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтардың тізбесін қамтитын ақпараттық хатты (хабарламаны) жібереді. Құжат бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жолданады.

Ақпараттық хатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы он жұмыс күні ішінде оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті. Егер бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген қорытындылармен келіспеге жағдайда, ол бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дәлелді қарсылықтарын жолдауға құқылы.

Белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоймау немесе іс-шаралар жоспарын ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға және оны жартыжылдық тізімге енгізуге негіз болып табылатынын атап өткен жөн.

Бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиі жүргізілмейді және жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралы болып табылады. Оны қолдану заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, жер қойнауын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 «Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті жер қойнауын пайдаланушыларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын уақтылы орындауға, міндетті есептілікті дайындау мен ұсынуға жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жедел жоюға шақырады. Мұндай тәсіл мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға және мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бармай профилактикалық бақылау Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 808 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілді. Талдау нәтижесінде 60 бұзушылық анықталды. Оның ішінде есепке алу және сақтау мәселелері бойынша жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде 60 хабарлама жолданды.