
Мемлекеттік қызметшіге мінсіз орындауы тиіс үлкен міндеттер жүктелген, бұл әсіресе мемлекеттік қызметші бухгалтерлік есеп және бюджетті басқарумен байланысты лауазымды атқарған жағдайда ерекше маңызға ие.
Мемлекеттік қызмет – жай ғана мамандық емес, жауапкершілікті, адалдықты және шынайы берілгендікті талап ететін жоғары лауазым. Осындай жауапты және адал мемлекеттік қызметшілердің бірі-Бахыт Калымжанова Ибраева.
Бахыт Калымжановна департаменте 1999 жылдан бері жұмыс істейді, сауатты және қол ұшын созуға дайын маман, ол жиырма жылдық еңбек жолында сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктің сақталуына, мемлекеттік бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына, жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық объектілер бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатының уақтылы игерілуіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Өз ісінің шебері атана жүріп, әріптестерінің кез келген мәселесіне бей-жай қарамайтын, әрқашан көмек қолын созуға дайын жүректі жан.
Бахыт Калымжановнаны ұжымда маман ретінде құрметтейді және бағалайды. Ол көпшіл, әдемі және тартымды, онымен тіл табысу оңай. Мамандық таңдау жолында адам өміріндегі маңызды қадам жасағалы отырған көркем мінезді қыз тәрбиелеп отыр. Бахыт Калымжановнамен бірге қызмет етіп, департаменттің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді табысты орындау — шынымен де үлкен абырой және жақсы тәжірибе.
Мемлекеттік қызметші күнінде, мемлекетті қолдап, оның тұрақты дамуына үлесін қосқан барлық әріптестерді құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Атқарып жатқан игі істеріңіз бен адал еңбегіңіз әрқашан лайықты бағалана берсін! Қасыңызда әрқашан арқа сүйер, әрі кәсібилігімен үлгі болатын Бахыт Калымжановна секілді сенімді әріптестер көп болсын!