
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 90, 195, 215, 236 баптарына сәйкес, Сізге «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД 2025 жылдың мерзімді есептерін ағымдағы жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынуыңыз қажет екенін хабарлайды.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, пайдалы қатты қазбаларды барлауды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушыларға мерзімді геологиялық есептерді «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы №419 бұйрыққа сәйкес тапсыру керек.
Пайдалы қатты қазбаларды, соның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді «Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген пайдалы қатты қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 392 бұйрығына сәйкес ұсыну қажет.
Техногендік минералдық түзілімдерді қоймаға жинайтын жер қойнауын пайдаланушылар «О» немесе «Н» нысанды паспорттарды «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына сәйкес тапсыру қажет.
Сонымен қатар, есептерді а.ж. 12 сәуіріне дейін ұсынуды ұсынамыз, егер дұрыс толтырылмаған жағдайда, белгіленген мерзімде ауыстыру мүмкіндігі болады.
Туындаған мәселелер бойынша келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады:
-минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімі (геологиялық есептер бойынша) - тел. +7 (7162) 25 66 85 (вн.237), a.ovcharov@mps.gov.kz.
- мемлекеттік теңгерім және геологиялық қорлар бөлімі (өндірілген пайдалы қазбалар есептері бойынша) – тел. 7 (7162) 25-66-85 (121), e.makhmutov@mps.gov.kz, z.naryzhnaya@mps.gov.kz, ai.gabdullina@mps.gov.kz.
Есептер мен паспорттар мына мекенжайға ұсынылады: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1Б үй, 4 қабат.