Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Ашықтық — сенімнің негізі!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Ашықтық — сенімнің негізі!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Ашықтық — сенімнің негізі!

 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ашықтық пен әділдік — мемлекеттің тұрақты дамуы мен табиғи ресурстарды тиімді басқарудың негізгі қағидаттарының бірі. Жер қойнауы — елдің стратегиялық байлығы, ал оны ұтымды пайдалану жауапкершілігі мемлекеттік органдар мен әрбір жер қойнауын пайдаланушыға  жүктеледі.

Ашықтықты қамтамасыз етуде мемлекеттік балансты қалыптастыру мен минералдық-шикізат ресурстарының есебі ерекше рөл атқарады. Бұл процестер бірыңғай талаптарға, нақты белгіленген рәсімдерге және қатаң бақылау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мәліметтерді жинау мен талдаудағы жүйелі және бірізді тәсіл олардың шынайылығын қамтамасыз етіп, басқарушылық шешімдердің негізділігін арттыруға және заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Деректерге ашық қол жеткізу, бақылаудың ашық рәсімдері және регламенттерді нақты сақтау сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралдары болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді, экономикаға зиян келтіреді және ұлттық ресурстарды әділ бөлуге жол бермейді.

Құрметті жер қойнауын пайдаланушылар!

Сіздерден жоғары жауапкершілік пен адалдық күтіледі. Атап айтқанда:

  • жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау;
  • есептілікті уақтылы, толық және шынайы түрде ұсыну;
  • кез келген заңсыз әрекеттер мен теріс пайдаланушылықтарға мүлдем төзбеушілік таныту.

Жұмыстағы адал әрі ашық ұстаным — саланың дамуына, іскерлік беделді нығайтуға және мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға қосылған үлес.

Біз бірге әділетті әрі ашық қоғам құрып келеміз, онда заң мен жауапкершілік барлық үдерістердің негізі болып табылады.

Әрбір азаматтың адалдығы — мемлекеттік қызметтің беделі мен ел болашағының кепілі.

Ашықтық — сенімнің негізі!