Марина Анатольевна Коркинаға 60 жас

Марина Анатольевна Коркинаға 60 жас

 

8желтоқсанМаринаАнатольевна Коркинаның туғанкүні.

          1991жылыМаринаАнатольевнаСвердлов тау-кенинститутынбітірді. Ол өзініңкәсібижолын1991-1993 жылдар аралығында Синегорскгидрогеологиялықэкспедициясындагидрогеолог болып бастаған.

           1993 жылдан 2020 жылға дейін - гидрогеолог, гидрогеологиялық отрядтың бастығы, бас геологтың гидрогеология жөніндегі орынбасары, бас гидрогеолог, «Кустанайская поисково-съемочная экспедиция»ЖШС партия бастығы болып жұмыс атқарды.

           2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Геобайт-Инфо» ЖШС гидрогеологиялық бөлімінің бастығы.

          Марина Анатольевна Шаймерден қорғасын-мырыш кендері,  Сарыбұлақ тантал – ниобаттары кен орны, Кутюхинский, Ковыльное, Алтын-Борлыккольский, Глебовский және Западно-Хазретский алтын кенді кен орындары бойынша болжамды су ағындарын есептеуге қатысты.

         Сондай-ақ, Володарский, Иманбурлукский, Ставропльской, Джетыгаринский, Рудненский алаңдарында 1:50 000 масштабта және Казанский, Лисаковский, Придорожный, Пограничный, Орлиногорский және Грачевско-Косачинский алаңдарында 1:200 000 масштабта геологиялық-түсірілім есептерінде тау-кен кәсіпорындарының қоршаған ортаға геоэкологиялық әсері және гидрогеология бойынша тараулардың авторы.

           Қазіргі уақытта ол жас мамандар мен студенттерге тәлімгер болып табылады, жауапкершілік, алға қойған мақсатқа ұмтылу, ғылымға деген адалдық сияқты жеке қасиеттерді пайдалана отырып, гидрогеологтардың жаңа буындарын дайындауға үлес қосуда.    

          Ғылымға қосқан елеуліүлесінің, көп жылдықтәжірибесінің,кәсібилігінің,жетістіктеріменадалдығыныңарқасындаМаринаАнатольевнаГеологиякомитетініңАлғысхатымен, «ҚазақстанРеспубликасының жер қойнауынбарлауүздігі» төсбелгісіменмарапатталды.

         Сізге қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар тілейміз! Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпыққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдіміз!

«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД