Сүйікті ісіне адалдық!

Сүйікті ісіне адалдық!

Сүйікті ісіне адалдық!

 

Әр адамның өмірінде оның кәсіби жетістіктерін де, өмірлік кезеңдерін де анықтайтын мерейтойлық оқиғалар болады.

2025 жылғы 22 қарашада «Кустанайская поисково-съемочная экспедиция» ЖШС Бас директоры, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының нақты мүшесі Едигенов Бекмурат Алимович 80 жасқа толады. Қостанай облысы Қостанай ауданы Қабыл кентінде дүниеге келген.

 1969жылыәскердеқызмет еткеннен кейін Қостанай автомобилькөлігітехникумын,1994жылыҚостанаймемлекеттікуниверситетініңзаңфакультетін бітірді.

Бекмурат Алимович 1962-1969жж. – тракторшы, Обаған ауданы Силантьевский совхозы бөлімшесінің басқарушысы; 1969-1984жж. – аға тауартанушы, аға инженер, Қостанай іздеу-түсіру экспедициясы МТО бөлімінің бастығы; 1984-1996жж. – Қостанай іздеу-түсіру экспедициясының құрылыс және жалпы мәселелер жөніндегі бастығының орынбасары; 1996- 2001жж. - «Кустанайская поисково-съемочная экспедиция» ААҚ вице-президенті болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап – «Кустанайская поисково-съемочная экспедиция» ААҚ бас директоры.

 Бекмурат Алимович тамаша ұйымдастырушылық қабілеттерімен және басқарушылық тәжірибесімен қазіргі таңда «КПСЭ» ЖШС болып табылатын Қазақстанның ірі геологиялық кәсіпорнын сақтап, қайта жандандырды.

 Соңғы 19 жыл ішінде Б. А. Едигеновтың басшылығымен экспедиция өңірлік, геологиялық-түсірілім және тақырыптық жұмыстардың орасан зор көлемін орындады, Сарыбулакский кен орнының тантал-ниобат қорлары, Кутюхинский, Ковыльный, Алтын-Борлыкольский, Глебовский, Северо-Леонидовский, Атыгайский, Константиновский кен орындарының, Туран кен орнының алтын қорлары, Баталинский және Красноармейский мыс порфирлі кендер кен орындарының қорлары бағалады және мемлекеттік балансқа қойылды.

   Варваринский,Тарутинский,Ломоносовский,Васильковский,Сырымбетский, Жаксинский кен орындарында бұрғылаубарлаужәнегеофизикалықжұмыстаржүргізілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Затобольский, Джетыгаринский, Чаглинский және Зерендинский кен орындары жерасты суларының қорлары алдын ала барланып, бекітілді.

 Қоғамдық жұмыстарды атқара отырып,  Бекмурат Алимович Қазақстанның геологиялық-барлау кәсіпорындарының қауымдастығы төралқасының мүшесі және «Қазақстан Республикасының геология, геодезия және картография қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Орталық комитетінің мүшесі болды.

 Қазақстанның минералдық-шикізат базасын дамытуға және кеңейтуге қосқан үлесі үшін ҚР Минералдық ресурстар академиясы Б.А. Едигеновті ҚР Минералдық ресурстар академиясының толық мүшесі – академигі етіп сайлады. Қазіргі уақытта Б. А. Едигенов Академия мүшесі бола отырып, Қазақстан Республикасы МРА Солтүстік филиалының минералдық-шикізат базасын зерттеу және дамыту жөніндегі монографияларын басып шығаруға қаржылай көмек көрсетуде.

 Бекмурат Алимович саладағы 50 жылдан астам еңбегі үшін тек Солтүстікте ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлерінде өз әріптестерінің құрметіне, беделіне ие болды.

 Көп жылдық және жемісті еңбегі үшін «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Адал еңбек маманы. Геология», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медальдарымен марапатталған, «Құрметті геолог» және «Жер қойнауынның құрметті барлаушысы»  төсбелгілерімен, «Академик Ш.Е. Есенов сыйлығының лауреаты» дипломымен, «Севказгеология» ӨГБ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің көптеген грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. 2024 жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісімен марапатталған.

 Құрметті Бекмурат Алимович! Мерейтойыңызға орай ең жылы және шынайы құттықтауларды қабыл алыңыз! Сізге қайтпас қажыр, бойыңызға мұқалмас жігер, еңбегіңізге таусылмас табыстар, ортаймас бақ-ырыс тілейміз! Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдіміз!

 

 «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД