Ержан Қабдылханұлы Омарғалиевқа – 70 жас

Ержан Қабдылханұлы Омарғалиевқа – 70 жас

Ержан Қабдылханұлы 1955 жылы 7 қарашада Жансары селосы Көкпекті ауданы Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келді.

Еңбек жолын Атырау облысындағы  «Запказнедра» КГБ жерасты барлау партиясының Индер геологиялық барлау экспедициясында бастады.

1982 жылы «Севказгеология» КГБ Торғай геологиялық барлау экспедициясына ауысты. Осы экспедицияда өзінің еңбек жолын техник-геолог, геолог, бұрғылау учаскесінің бастығы, партия бастығынан бастап экспедицияның бас инженеріне дейін көтерілді.

1998 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың қараша айы аралығында Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті «Солтүстікқазжерқойнауы», Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекция бастығы лауазымынан бастап департамент басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспектордың лауазымын атқару кезінде жер қойнауын пайдалану саласында ҚР заңнамаларын геологиялық және тау-кен өндіру кәсіпорындарында сақталуына  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырды.

Е.Қ. Омарғалиев – Солтүстік Қазақстанның геологиялық барлау қызметінде үлкен тәжірибе жинақтаған білікті геолог.

Геология саласындағы көп жылғы сіңірген еңбегінің нәтижесі ретінде бірнеше алғыстарымен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалімен, «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төс белгісімен, «Жер қойнауының Құрметті барлаушысы» төс белгісімен марапатталды.

Ержан Қабдылханұлы зейнеткерлік демалысқа шыққанымен геологиялық- тау-кен өндірісі саласында жұмыс атқаруды жалғастыруда.

Құрметті Ержан Қабдылханұлы, мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл құрметті жас – даналықтың, өмірлік тәжірибенің және лайықты құрметтің символы. Сізге зор денсаулық, амандық, жан тыныштығы мен ұзақ, қуанышты өмір тілейміз. Жаныңызда әрдайым туған-туыстарыңыз, достарыңыз және ризашылық білдіретін жандар болсын. Әр жаңа күніңіз нұрға, жақсылық пен күлкіге толы болсын!

 

 

«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы