Ақмола облысындағы геологиялық іздеу жұмыстары туралы

Ақмола облысындағы геологиялық іздеу жұмыстары туралы
Ақмола облысында «Қазақстан Республикасы аумағының жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және геологиялық зерттеуді арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде алаңдардың геологиялық құрылысын зерттеуге және пайдалы қазбалар кен орындарын болжауға бағытталған өңірлік геологиялық зерттеулер жоспарлы түрде жүргізіледі.
2025 жылы Ақмола облысы Есіл ауданындағы Приишим- Шоптыкол кенді түйінінің Оңтүстік-Батыс учаскесінде іздеу жұмыстары жалғасты. Жұмыстарды «Геобайт-Инфо» ЖШС жүргізеді. Мақсаты Р1 санатындағы болжамды ресурстарды бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және алдағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу болып табылады.
2025 жылы барлық далалық жұмыстар аяқталды. Барлау мен іздеуге арналған маршруттар өтілді, топогеодезиялық және магниттік зерттеулер жүргізілді. Жұмыс барысында 211 карталау және 18 іздеу ұңғымалары бұрғыланып, тіркелді. Олардың әрқайсысында геофизикалық өлшеулер кешені жүргізілді.
Қазіргі уақытта іздеу ұңғымаларынан сынамаларды