Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қарапайым сөзбен айтқанда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қарапайым сөзбен айтқанда

       

Мемлекеттік қызметке кіретін азаматтар, мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар тұтастай алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Бұл шара жоғарыда аталған адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеуге бағытталған.

          Шектеулер тізбесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 12-бабының 1-тармағында көрсетілген.

  1. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу.

Бұл мемлекеттік қызметшінің :

1) Парламенттің, барлық деңгейдегі мәслихаттарың депутаты болуға;

2) басқа ақылы қызметпен айналысуға:

- кәсіпкер болуға;

- кез келген ұйымда жалдамалы қызметкер болуға;

- бірнеше мемлекеттік лауазымды атқаруға құқығы жоқ дегенін білдіреді.

 

  1. Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 14-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 13-бабының 7-тармағына сәйкес осы норманы нақтылайды-мемлекеттік қызметшіге оның ата-анасы, жұбайы (зайыбы), балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға болмайды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) тікелей бағынысында бола алмайды.

Жақынтуыстарына,жұбайына(зайыбына)бірмемлекеттікорганда,мемлекеттікұйымда жұмыс істеугеболады.

Бір мемлекеттік органда, мемлекеттік ұйымда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) тікелей бағыныста болуы немесе тікелей бағынысында болуы мүмкін емес.               

 

  1. Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.

Таратылмайтын ақпаратқа:

- азаматтардың дербес деректері;

- кәсіпорынның коммерциялық құпиясына қатысты мәліметтер;

- құпиялылық белгісі бар құжаттар, материалдар;

- «қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттар, материалдар жатады.

 

  1. Материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдауға жол берілмейді.

Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін өз өкілеттіктерімен белгіленген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес орындауы керек.  

          Мемлекеттік функцияларды орындағаны үшін материалдық сыйақы - жалақы, сыйлықақы, бағалы сыйлықпен марапаттау (белгіленген тәртіппен). Материалдық емес сыйақы-басшылықтан алғыс жариялау, грамотамен, ведомстволық, мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті атақ беру. 

 

  1.     Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол берілмейді.

          Бұл шара капиталды шетелге шығарудың алдын алуға, қаржылық ашықтықты сақтауға, ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.

 

  1. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады,

Бұл шектеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудан басқа, мемлекеттік қызметшілердің беделін сақтау үшін де енгізілді.