Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасы аумағының жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және геологиялық зерделеуді арттыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2024 жылдан бастап Приишим-Шөптікөл кенді түйінінің Шөптікөл учаскесінде –мыс, молибден пайдалы қазбаларына іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «Геобайт-Инфо» ЖШС жүргізеді. Міндеті Р1 санатындағы болжамды ресурстарды бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және алдағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу болып табылады.
2014-2016 жылдары Қостанай іздестіру-түсіру экспедициясы жүргізген геологиялық жете зерттеу нәтижелері жұмыстарды қою үшін негіздеме болды. Аудан шегінде 5 минерагендік аймақ бөлінген, олардың бірі Западно-Ишимская минерагендік аймағы болып табылады, онда Любимовский кенді ауданы және 4 кенді торабы: Заишимский, Приишим-Шөптікөл, Қоңырсу және Симоновский бөлінген. Приишим-Шөптікөл кенді түйінінің шегінде ауданы 5,68 км2 мыс білінімдері және кобальттың минералдану пункті қамтитын Шоптыкольский учаскесі контурланған.
Геологиялық барлау жұмыстары мынадай негізгі зерттеу түрлерін қамтиды: геологиялық маршруттар; ұңғымаларды бағаналы бұрғылау; ұңғымаларды геофизикалық зерттеу кешені; сынамалау жұмыстары; зертханалық зерттеулер.
Геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмыс жобасына сәйкес мынадай нәтижелер алынатын болады: 1) Шоптыкольский учаскесінде анықталған алтын, мыс және молибденнің ықтимал кен білінімдеріне алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау берілетін болады. 2) Учаскеде алдағы геологиялық барлау жұмыстарының мақсатына қарай орындалуы мен бағыты туралы ұсынымдар негізделген. 3) Барлық нақты материалдар геологиялық карталарда жинақталады және көрсетіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын айқындай отырып, коммерциялық маңызы бар объектілер үшін есеп жасалады.
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясы.