А.ж. 18 қыркүйегінде Ақмола облысы Есіл ауданының білім бөлімімен бірлесіп, «Геобайт-Инфо» ЖШС көмегімен жоғары сынып оқушыларына «Геобайт-Инфо» ЖШС жүргізетін геологиялық барлау жұмыстарының орнына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында, жастар арасында геолог мамандығын және геологиямен байланысты мамандықтарды дәріптеу мақсатында өткізілді.
Оқушылар ұңғымаларды бұрғылау үдерісімен, негізгі құжаттамамен, ұңғымалардағы геофизикалық зерттеумен танысты, қызметкерлер демалатын, тамақ ішетін, бос уақытын өткізетін, ақпарат өңдейтін геологиялық лагерьге барды.
Оқушыларға геология саласындағы мамандарды даярлайтын орта арнаулы және жоғары оқу орындары, геологтардың, бұрғылаушылардың орташа жалақысы және т.б. туралы ақпарат берілді.