Бармай профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері туралы

Бармай профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері туралы

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекцияларымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)  (67,67-1 баптар) талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес субъектілерге (объектілерге) бармай  профилактикалық бақылау жүзеге асырылды.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын геологиялық есептерді, өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді және нормаланған ысыраптар туралы деректерді, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу қортындысы бойынша 71 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға оларды жою туралы хабарламалар жіберілді.