Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: тұрақтылық, мәртебе және
әлеуметтік кепілдіктер
23 маусым Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметші күні. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет әлі де еңбекпен қамтудың ең сенімді және беделді нысандарының бірі болып саналады. Ол тұрақты кірісті ғана емес, сонымен бірге заңнамада бекітілген әлеуметтік кепілдіктердің кеңейтілген пакетін де қамтамасыз етеді.
Негізгі артықшылықтардың бірі- екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленетін ұзақтығы күнтізбелік 30 күнді құрайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Лауазым санатына, еңбек жағдайларына және еңбек өтіліне байланысты демалыстың ұзақтығы 45 күнге жетуі мүмкін. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақысы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес төленеді, бұл ауырған жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, медициналық сақтандыру қарастырылған.
Мемлекеттік қызметшілердің өз біліктілігін арттыруға, қайта даярлау курстарынан өтуге, тіпті шетелде де, шет тілдерін меңгеру кезінде оқуға мүмкіндігі бар, мансаптық өсу келешегі бар, сондай-ақ қызметтік тұрғын үй мен еңбек сіңірген жылдарына зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы бар.
Департаменттің жас мемлекеттік қызметшілерінің арасында мемлекеттік бағдарламалардың тиімді шарттарын пайдаланып, өз тұрғын үйлерін сатып алған және департаменттің жұмысына үлес қосуды жалғастырған қызметшілер бар, өйткені мемлекеттік қызмет бұл жай ғана жұмыс орны емес, қоғамға қызмет ету, кәсіби даму және ел болашағына қатысу пайдасын саналы түрде таңдау.