Цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды тетігі болып табылады, өйткені ол мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендеуге және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етеді. Цифрлық технологиялар процестерді автоматтандыруға, адам факторының әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылдың басында жер қойнауын пайдаланушыларға minerals.e-qazyna.kz. жаңа порталы таныстырылды
Платформа жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта ұсынады. Енді бизнесмендерге министрлік пен әкімдіктерге шығу жолдарын іздеудің қажеті жоқ, барлық процестер ашық және цифрландырылған.
Платформада барлық геологиялық есептердің тізілімі, рефератты, есептің мазмұнын, графикалық қосымшалардың тізімін, жұмыс нәтижелерін, тұжырымдарды, қорытындыларды, пайдаланылған дереккөздердің тізімдерін, жүргізілген жұмыстарды өтеусіз онлайн танысу және түсіну үшін есептерді қамтитын алғашқы кітаптар орналастырылған. Пайдаланушыға қолда бар лицензиялар мен келісімшарттар, бос және бос емес аумақтар туралы, сондай-ақ аумақта геологиялық-геофизикалық зерделеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беріледі.
Платформаның негізгі элементтерінің бірі - барлық қолданыстағы учаскелерді қамтитын интерактивті карта, сондай-ақ, аукциондар үшін қол жетімді учаскелерді орналастыруға мүмкіндік береді, бұл тек пайдалы қатты қазбалар туралы ғана емес, көмірсутектер туралы да айтылған. Картаның арқасында әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар инфрақұрылымнан бастап геологиялық және геофизикалық есептермен аяқталатын сұралған учаске туралы толық көрініс алады.