Көктемнің ортасы – қаланы таза және жайлы ету үшін қала тұрғындарының көшелерді, саябақтар мен аулаларды тазалауға шығатын қалалық сенбіліктер уақыты. Біздің Департамент те шетте қалған жоқ. Ауа райының айтарлықтай салқындап кетуіне қарамастан жақсы көңіл-күймен және үйлесімді жұмыс істей отырып, өз істерін орындады.
Департаменттің іргелес аумағы жиналған тұрмыс қоқыстарынан тазаланып, қаптарға жиналды.