Геологтар күні

Геологтар күні

Қазақстанда Геологтар күні дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол өзінің тарихын посткеңестік замандағы бірқатар басқа елдердегідей КСРО кезеңінен бастап жүргізіп келеді.

Сәуірдің басында сала мамандары жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға дайындығын бастайтындықтан, қысқы суық ауа райы мен қардың еру кезеңі болғандықтан бұл кез мереке өткізу уақыты ретінде таңдалынған.

Геологтар күніне орай Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінен, Геология комитетінің төрағасынан және «Шығысқазжерқойнауы» департаментінің басшысынан өз міндеттерін адал атқарғандығы үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен департамент қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Құрметті геологтар! Геологтар күні - кәсіби мерекемізге арнай отырып, шын жүректен айтылған құттықтауларымызды қабыл етіңіздер! Жер қойнауын барлау және минералды-шикізат қорларын толықтыру - ел экономикасы негіздерінің бірі, әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу.

Біздің мамандық тек кең білімді ғана емес, сонымен бірге туған жерге ерекше, ұқыптылықпен қарауды, төзімділікті, жақсы физикалық дайындықты, лагерь өмірінің барлық қиындықтарына төтеп беруге дайын болуды талап етеді. Адал еңбектеріңіз және ауыр жұмысқа берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Сіздердің энергияларыңыз, кәсіби шеберліктеріңіз және мақсатқа ұмтылыстарыңыз елдің өрлеуі мен одан әрі дамуы үшін жаңа жолдар ашсын. Сіздерге бақыт, денсаулық, қаржылық әл-ауқат, бай кен орындар және үлкен геологиялық сәттілік тілейміз!