Назар аударыңыз! Маңызды ақпарат!

Назар аударыңыз! Маңызды ақпарат!

Құрметті жер қойнауын пайдаланушылар!

Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз, Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілумен байланысты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығы) (бұдан әрі – Қағидалар) 2025 жылдың 15 наурызынан бастап «Шығысқазжерқойнауы» ӨД-мен лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді орындау туралы есептер қабылданбайды.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес (жаңа редакцияда) есептерді жер қойнауын пайдаланушы ақпараттандыру объектісі «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (https://minerals.e-qazyna.kz/) электрондық нысанын толтыру және ақпаратты ұсыну үшін жер қойнауын пайдаланушының өкiлеттiк берiлген лауазымдық тұлғаның электрондық цифрлық қол қоюы арқылы ұсынады.