16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі, Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Биылғы жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 33-жылдығын атап өтеді.
Еркіндік және тәуелсіздік – бұл жалпы адамзат құндылығы. Демократияландыру бағыты Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет екенін жариялауға мүмкіндік берді, оның шеңберінде қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтай келе, өзінің шығу тегі мен ерекшелігін жандандыра алады.
«Шығысқазжерқойнауы» ӨД барша қазақстандықтарды осы айтулы күнмен құттықтайды! Елімізге өркендеу, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Еліміз өмірдің барлық саласында дамып, өркендей берсін!