ГЕОЛОГТАР КҮНІ 2024 ж.

ГЕОЛОГТАР КҮНІ 2024 ж.

Бүгін «Шығысқазжерқойнауы» ӨД «Геологтар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

         2024 жыл геология жұртшылығы үшін айтулы күн, кәсіби мерекемен бірге біз ғылымға ғана емес, сондай-ақ республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым-энциклопедист, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125-жылдығын атап өтеміз.

         Қаныш Имантайұлы – бірегей, ал әлем геологиясы үшін феноменальды құбылыс. Біз үшін Қ.И. Сәтпаев – ең алдымен қазақ геологиясы мен академиялық ғалымның бірегей жаратушысы. Ол өзінің басшылығымен Қазақстан Республикасының қуатты минералды-шикізат базасын құраған тұтастай геолог-ғалымдар мен геолог-практиканттар мектебін тәрбиеледі.

         Мереке құрметіне «Кен орнын алғаш ашушы» төс белгісімен Абай облысының Жаңа Семей ауданындағы Қызыл-Құдық (Қосқұдық) алтын кен орнын ашқаны үшін «Altyn group Qazaqstan» ЖШС бас геологы - Редозубов-Горский Виктор Владимирович мараппатталды.

Геологтар күніне орай өз міндеттерін адал атқарғаны үшін Департамент қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ, өздерін жер қойнауын зерттеуге арнаған, қиын кәсіпті таңдаған, өз ісіне шексіз берілген ардагерлерге құрмет көрсетілді. Департамент атынан оларға еңбектері мен Республикамыздың геологиясын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріліп, Департаменттің Алғыс хаттары табыс етілді.

 

Кәсіби мереке қарсаңында «Шығысқазжерқойнауы» ӨД өзін жер қойнауын зерттеуге арнаған, қиын кәсіпті таңдаған, өз ісіне шексіз берілген, даладағы барлық қиындықтарға төтеп бере алатын нағыз тұңғыш жол салушыларды құттықтайды және құрметтейді. Мықты денсаулық, шабыт, амандық және жаңа ашылулар тілейді!