Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер

Геология және су ресурстарын пайдалану  саласындағы мемлекеттік қызметтер

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»;
  2. «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру».

Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен бекітілген.

Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.

Департаментке 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.

Департаментпен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат сайтқа тоқсан сайын орналастырылады.