«Сабырлылық: тұлғаның ресурстық жағдайы» тақырыбында семинар-тренинг

«Сабырлылық: тұлғаның ресурстық жағдайы» тақырыбында  семинар-тренинг

2024 жылдың 25 қаңтарында «Шығысқазжерқойнауы» ӨД Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары шеңберінде ҚР Президентінің жанындағы Академияның ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, психолог Г.О. Берекполованың Департамент қызметкерлерімен «Сабырлылық: тұлғаның ресурстық жағдайы» тақырыбында кездесуі (Development Day) өткізілді.

Бұл семинардың мақсаты - сабырлылықты арттыру – қиындықтарды жеңу, өз эмоцияларымызды басу, шыдамдылық пен әдептілікті таныта отырып, адамның көңіл-күйін түсіну.

Спикер ұжымға қандай энергияны жиі (ақыл-ой, рухани, физикалық, эмоционалды) қолданатынымызды анықтау үшін өз-өзіне диагностика жасауды ұсынды. Оны қалай қалпына келтіретініміз, сонымен қатар, өз энергиямызды қаншалықты ақылды және өнімді пайдаланатынымыз.

Сонымен қатар, тренингте «Эмоционалды интеллект» - адам психологиясындағы қарым-қатынастың барлық түрлерінің негізі ұғымы қарастырылды. Егер адам эмоционалды интеллекттің негізгі дағдыларын игере алатын болса, онда оған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнату жеңіл болатындығын Гульфия Октябревна атап өтті. Эмоционалды интеллектісі дамыған адамдардың психикалық денсаулығы, жұмыс тиімділігі мен көшбасшылық дағдылары жақсы болады.

Осыған ұқсас семинар-тренингтердің жүргізілуі ұжымның бірігуіне, корпоративті мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді, сондай-ақ, жаңа білім алу мен оны практикада бекітуге керемет мүмкіндік болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша Г.О. Берекполова барлық сұрақтарға толық жауап  берді, қатысушылар да пікірлерімен алмасты.