«Шығысқазжерқойнауы»ӨД РММ 2022 жылғы 18 және 25 қарашада Департамент кеңесінде -089 «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және ҚР аумағының геологиялық зерделенуін арттыру» бағдарламасы, 102 «Өңірлік, геологиялық түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 2020-2022 жж. «Семейгидрогеология» ЖШС жүргізілген «М-44-XXII (5343 шаршы км.) парағын 1:200 000 масштабында инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеу»; ШҚО Жарма, Ұлан аудандары» және «М-44-XXVII (5425 шаршы км) парағын 1:200 000 масштабында инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеу» ШҚО Абай, Жарма аудандары» объектілері бойынша қорытынды есептер және «Топаз» ГБК» ЖШС жүргізілген «М-45-XIX (5335 шаршы км.) парағын 1:200 000 масштабында инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық түсіру; ШҚО Зырян, Катонқарағай аудандары» және «М-45-XXV (5408 шаршы км.) парағын 1:200 000 масштабында инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық түсіру; ШҚО Катонқарағай, Күршім аудандары» объектілері бойынша қорытынды есептер қарастырылды.
Бұл жұмыстар заманауи гидрогеологиялық картаны құру, жерасты суларының кен орындарын іздеу, жерасты суларының болжамды ресурстарын анықтау, жерасты ауыз суларының жаңа учаскелері мен алаңдарын анықтау және елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Парақтардың, карталардың және гидрогеологиялық ақпараттың аумақтарын гидрогеологиялық түсіруді өткізгеннен бері 50 жылдан астам уақыт өтті, бұл уақыт аралығында ақпарат ескірді.
Гидрогеологиялық жете зерделеуді жүргізу процесінде мынадай жұмыс түрлері орындалды: материалдарды жинау, зерделеу және талдау, түрлі карталар, схемалар және т. б. құру; АФС және КФС дала алдында шифрын ашу; геофизикалық зерттеулер және мониторингтік жұмыстар; қазбалар топобайланысы (су пункттері, бұлақтар, ұңғымалар, шурфтар, гидропосттар, бақылау нүктелері); тау-кен қазу жұмыстары (шурфтарды үңгілеу); шурфтардан және ұңғымалардан монолиттерді іріктеу; топырақты іріктеу (атыздық және нүктелі сынамалар); су пункттерінен жерүсті және жерасты суларын іріктеу; құюды жүргізу.
Гидрогеологиялық негіздемелер мен құрылыстар үшін жүргізілген маршруттар бойынша арнайы ақпарат пайдаланылды, ұңғымалар, шалғайдағы мал шаруашылығының құдықтары, бұлақтар зерттелді. Жете зерттеу барысында іздеу-барлау және картаға түсіру ұңғымалары айналмалы әдіспен бұрғыланды. Сонымен қатар, толық зерттеу кезінде мүмкін болар жаңадан барланған қорларды бағалау және барланған кен орнының қорларын растауда, пайдалану мен пайдалану мониторингін зерделеу үшін ауылдық елді мекендерде пайдаланылатын су жинағыштарға зерттеу жүргізілді.
Гидрогеологиялық түсіруді жүргізу нәтижесінде және зерттеуге дейін зерттелетін парақтардың аумағындағы гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық жағдайларды объективті сипаттайтын деректер алынды.
Сондай-ақ, өткен жылдардың деректері жинақталып, ауданның жерасты суларының қалыптасу шарттары, олардың табиғи ресурстары мен химиясы сипатталды, сулы қабаттардың аумақтық таралуы, сүзу қасиеттері, судың көптігі туралы мәліметтер берілді.