«Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасы

«Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасы

2026 жылғы 22 маусымда Өскемен қаласындағы «Простор» жазғы экспедициялық кампусының аумағында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында «Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасы басталды, оған Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінен 100-ден астам қатысушы қатысады.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің қолдауымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) іс-шараны ұйымдастырушы болып табылады.

Универсиада - студенттер мен педагогтар, ұйымдастырушылар үшін өмірдегі толғандырардық уақиға! Бұл еліміздің университеттері мен колледждері арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, болашақ геологтардың кәсіби даярлығын арттыруға, геология ғылымдарын дәріптеуге және тау-кен-геология саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Мұндай іс-шараларды өткізу геология, геологиялық барлау, минералды-шикізат кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы біліммен, практикалық тәжірибемен және заманауи ғылыми әзірлемелермен алмасуға ықпал етеді.

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД ұйымдастырушыларға бұл іс-шараның табысты, нәтижелі өткізілуін тілейді. Ең мықты жеңіске жетсін!