Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағановтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – бұл халқымыздың тәуелсіздігінің, күші мен бірлігінің көрінісі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі. Мереке 1992 жылы елдің егемендігінің басты атрибуттарының - Мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұранның эталондарының қабылдануына орай бекітілді, бұл біздің өркендеу мен ғасырлар бойғы дәстүрлерді құрметтеуге деген ұмтылысымызды білдіреді.

Еліміздің барлық азаматтарын бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Бейбітшілік, келісім, мықты денсаулық және өркендеу!