БҰҰ-ның Қазақстандағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының бағдарламалық кеңсесі өкілдерінің келуі

БҰҰ-ның Қазақстандағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының бағдарламалық кеңсесі өкілдерінің келуі

29 сәуірде Департаментке БҰҰ-ның Қазақстандағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының бағдарламалық кеңсесінің өкілдері келді (БҰҰ ЕҚБ) «Қауіпсіз аса маңызды шикізат материалдары (АМШМ): Орталық Азиядағы АМШМ жеткізу тізбегін жақсарту» жобасын іске асыру шеңберінде.

Келген делегация құрамында Эндрю Райт - БҰҰ ЕҚБ халықаралық сарапшысы, Элизабет Зайдл - БҰҰ ЕҚБ жобасының менеджері, Әділет Мұқышев - Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі.

Кездесудің мақсаты - жер қойнауын пайдалану секторында қылмысқа немесе өзге де заңсыз қызметке байланысты бар қауіптердің немесе осалдықтардың болу дәрежесін бағалау, сондай-ақ лицензиялық шарттардың сақталуын, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүргізуді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында минералды шикізатты жеткізу және экспорттау тізбегінің мониторингінің мемлекеттік бақылау тәжірибесімен танысу.

Сондай-ақ, минералдарды жеткізу тізбегімен байланысты процестерді тереңірек түсіну мақсатында Департамент Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өндіру учаскесіне баруды ұйымдастырды, онда делегация құрамында алтын бар кен өндіру және оны байыту фабрикасында өңдеу бойынша жұмыстармен таныстырылды, онда құрамында алтын бар концентрат алынады.